
- Это мероприятие прошло.
Республикалық ғылыми-әдістемелік семинар
17 февраля
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының 2021 жылға арналған Жедел жоспарына сәйкес С.Аманжолов ат. ШҚУ «Абайтану» ғылыми-әдістемелік орталығымен бірлесе өткізілетін «Абай тағылымы және зияткер ұлт қалыптастыру мәселесі» тақырыбындағы республикалық ғылыми-әдістемелік семинарға қатысуға шақырады.
Өткізілу мерзімі: 2021 жылдың 17 ақпаны, Астана уақытымен сағат: 10.00.
Семинардың өткізу тілі: Қазақ тілі
Семинар мақсаты: Абай тағылымы және зияткер ұлт қалыптастыру мәселесі бойынша ғылыми-әдістемелік тәжірибенің нәтижелерін талдау және өзектендіру, Абай мұрасын оқытуда кедергісіз әмбебап орта құрудың мәселелерін шешудің стратегияларын әзірлеу.