Шешендік өнер – сөзді иландыру құралы ретінде пайдалану өнері

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ әдістемелік оқуы институттың профессор – оқытушылар құрамының біліктілігі мен кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға бағытталған.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ 2020 жылы 13 қаңтарында институт қызметкерлерінің әдістемелік оқуы аясында «Көпшілік алдында сөйлеу өнері» тақырыбында тренинг өтті. Тренингтің модераторы А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхананың өлкетанушы-библиографы Гүлбаршын Абылғазинова.

Тренинг барысында дәріскер лекторлардың ауызекі сөйлеу шеберлігін меңгеруі, тілдесу барысында мәнерлі құралдарды қолдана білуі туралы және ауызша сөйлеу мәдениеті қарым-қатынасқа көмектесетін тілдік құралдарды саналы түрде іріктеу және пайдалану болып табылатынын атап өтті. Шешендік өнерде келесі стильдер ерекшеленеді: сөйлесу (қарым-қатынас функциясы), ғылыми және ресми-іскерлік (қатынас функциясы), публицистикалық және әдеби-көркем (ықпал ету функциясы). Әрине,бұл стильдер бір-бірінен ажыратылмай, тұтас қарастырылады.

Кез келген адамның ой-өрісінің, білімінің, мәдениеті мен рухани дүниесінің қаншалықты екені оның жазған жазуынан, сөйлеген сөзінен байқалады. Шешендік шеберлігі бар адам қажетті ақпаратты көпшілікке оңай жеткізе алады.

Шешендік өнердің арнайы әдістері сөйлеушіге тыңдаушыны иландыру мен өзіне сенімділікті арттырады.