Адамгершілік пен кәсіпқойлықты іске асырғаны үшін алғыс айтамыз!

Құрметті демалысқа шығу – ардақты да әсерлі кезеңді бастан кешіру.

2019 жылдың 17 қаңтарында «Өрлеу»  БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ қызметкерлері өзінің құрметті әріптесі Нұғыманов Бақытбек Бажейұлын зейнет демалысына салтанатты түрде шығарып салды.

Маманның кәсіби тарихы бай: тарих пәнінің мұғалімі, мектеп директоры, және қызметінің соңғы 10 жылында бөлім бастығы, «Өрлеу»  БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы болып қызмет атқарды.

Бақытбек Бажейұлын еңбек жолын бастаған және қазір жұмыс істеп жүрген барлық әріптестері зейнеткерлікке шығуымен құттықтап, оның керемет жеке және кәсіби қасиеттері жайлы айтып, оған көтеріңкі көңіл-күй, игілік және мықты денсаулық тіледі!

Аймақтың жүздеген алғыс білдірген ұстаздары атынан әріптестері Бақытбек Бажейұлына ерекше баға жетпес педагогикалық таланты үшін, жұмысына адалдығы, адамгершіліктің жарқын үлгісі үшін алғыс айтты!

Әр мұғалімге деген көзқарасыңыз үшін, шыдамдылығыңыз, ерен еңбектеріңіз үшін рахмет!

Рахмет сізге, ҰСТАЗ!