ÓRLEÝ - Шығыс Қазақстан облысы

BIR QADAM ALDA BOL!

+7(7232)71-21-01

vko@orleu-edu.kz

ШҚО, Өскемен қ.

Киев көшесі, 69

Share on facebook
Share on twitter
Share on google
Share on whatsapp
Share on telegram
Share on email

Сабақ мақсаттары және сабақты жоспарлау

2020 жылдың 13 қаңтарында С. Аманжолов атындағы  Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінде – “Білім беру мазмұнын жаңартудың өзекті мәселелері: теориядан практикаға дейін” атты әдістемелік практикум  Өскемен қаласының Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренерлері, ШҚО бойынша “Өрлеу “біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы оқытушыларының, университет оқытушылары мен облыс мектептерінің мұғалімдерінің қатысуымен басталды.

Әдістемелік практикум аясында “Өрлеу” БАҰО “АҚ ШҚО бойынша ПҚ БАИ инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар” кафедрасының аға оқытушысы Сайлыбаева Айгүл Сағынганқызы  “Оқу мақсаттары мен сабақты жоспарлау ” тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Жұмыс барысында білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізу, сабақты жоспарлау және сабақтың мақсатын қалыптастыру, оқу процесінде оқытудың тиімді технологияларын қолдану мәселелері бойынша мазмұнды диалог өтті.