Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім ұйымдарына арналған «Менің кіші Отанымның қасиетті орындары» облыстық бейне-сабақтар конкурстың Ережесі

1. Конкурстың жалпы ережелері 

Осы Ереже мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім ұйымдары үшін бейнесабақтар мен бейнедәрістердің жыл сайынғы «Менің кіші Отанымның қасиетті орындары» облыстық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу және қатысу тәртібі мен талаптарын реттейді. 

Конкурс «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын және «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізіледі.

 1.1.Конкурс мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім ұйымдары педагогикалық қызметкерлерінің озық тәжірибелерін ұсыну  мен тарату формаларының бірі болып табылады

  Конкурсты өткізу білім беруді дамытып, озық педагогикалық практикаларға қолжетімділікті қамтамасыз етуге ықпал ететін болады. Конкурс педагогтардың кәсіби және ақпараттық-коммуникациялық құзыреттіліктерінің өсуіне қызмет етеді, ал олардың үздіктері қоғамдық мойындауды алады.

1.2.Конкурстың ұйымдастырушысы – «Өрлеу»  Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»  Акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Өрлеу» БАҰО» АҚ).

 1.3.Конкурсты ұйымдастыру мен өткізу үшін Орталық ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымкомитет) құрылады.  

1.4.Конкурсқа қатысатын бейнематериалдарды бағалау үшін «Өрлеу»  БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ таңдаған қазылар алқасы құралады. 

2. Конкурстың мақсаты мен міндеттері:

 «Менің кіші Отанымның қасиетті орындары» облыстық бейнеконкурсының  мақсаты:    

–  «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын және «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру; 

–  Оқушылардың патриоттық және рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыратын туған жерге деген махаббат пен құрмет, қасиетті орындарды кие тұту дәстүріне арналған үздік бейнесабақтардың  виртуальды білім беру кеңістігінің банкін ұлғайту;    

–  Өзінің туған жеріне арналған махаббат пен кіші Отанының тарихы, мәдениеті, дәстүрі мен тұрмысына  адалдықты нығайту;

3. Конкурстың тілі:

Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі

 4. Бейнеконкурс міндеттері:

–  кіші отанының қасиетті орындарын қазақ халқының құрметтеу дәстүрлерін әдістемелік сауатты құрылған бейнесабақ арқылы берілген ақпаратпен  креативті түрде жеткізу; 

–  үздік педагогикалық тәжірибеге қолжетімділікті қамтамасыз ету; 

–  педагогтердің ақпараттық құзыреттілігін дамыту; 

4.2.Бейнематериалдың мазмұны мен түрі:

Бейнематериал авторлық педагогикалық идеяны, сондай-ақ жалпы жоспардағы  инновациялық мәнді көрсететін қысқа құрылған ойды, кәсіби педагогикалық тәжірибенің шекті қалпын көрсетуі тиіс. 

5.Конкурсқа қатысу тәртібі

5.1. Конкурсқа ведомстволық бағыныстылығына, меншік түрі мен нысанына қарамастан білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері қатыса алады.  

5.2. Конкурсқа педагогтер жеке дара, сондай-ақ шығаршылық ұйымдар, ұжымдар арқылы қатысуға құқылы.

5.3. Конкурсқа қатысушылар беретін бейнематериалдар саны шектелмейді. Әрбір  бейнематериалға жеке Конкурсқа қатысу өтінімін толтыру қажет (1-қосымша). 

5.4. Конкурсқа қатысуға бұрын жарияланбаған, басқа конкурстарға қатыспаған, интернет желісіне орналастырылмаған, заманауи  бейнематериалдар жіберіледі. 

6.    Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

Конкурс 2020 жылдың 22 қаңтары мен 22 ақпаны аралығында өткізіледі.

6.1.Конкурстың бейнематериалдары01.02-22.02.2020ж аралығында қабылданады. .

Конкурсқа қатысуға өтініш пен дайын бейнематериалдар red_PM_PV@mail.ruэлектронды  поштасына салынуы қажет.   

Файлға «конкурс» атауын, аты-жөні, тегін көрсетіліп жазылуы керек.    

6.2. Екінші кезең –  қазылар алқасының конкурс  қорытындысын шығаруы (24-28.02.2020ж).

Қазылар алқасы конкурс жұмыстарын критерийлерге сәйкес бағалауды жүргізеді  (8 пунктті қараңыз).

7. Авторлық құқықтар.

 Конкурсқа қатысушы өзінде кез келген нысанда және кез келген әдіспен пайдалануға болатын мүліктік және мүліктік емес (айрықша) авторлық құқықтың бар екендігіне кепілдік береді. Конкурсқа қатысушылар үшінші тұлғалардың авторлық (сабақтас) құқықтарын бұзғандығы үшін жеке жауапкершілік көтереді.

Конкурсқа өз жұмысын жібере отырып, автор тапсырылған материалды Конкурстың ұйымдастырушысына олардың ұйғарымы бойынша шектеусіз мерзім бойында ақысыз (сыйақы төлеусіз) шарт қоймай пайдалану  құқығын, Конкурсқа қатысқан бейнематериалды жариялап тарату, оның ішінде интернет желісіне, телебағдарламаларға орналастыру, шығармашылық жобаларға қосу, БАҚ-та жариялау, одан кейін тарату, шығармашылық өңдеу құқығын қоса алғанда (алайда олармен шектелмей) және т.б) автоматты түрде береді. Конкурсқа жіберілген жұмыстар (бейнематериалдар) рецензияланбайды және қайтарылмайды.

Қатысушы Конкурсқа қатысуымен Конкурс ұйымдастырушысына дербес мәліметтерін (тегін, атын, әкесінің атын, электронды поштасының мекенжайын, бейнелеуді (фотографияны) және өзге дербес мәліметтерді) пайдалануға және өңдеуге өз келісімін береді.

Конкурсқа барлық қатысушылар өз аттарын, тектерін, әкесінің аттарын, және бейнелеулерді (фотографияларды) Конкурс ұйымдастырушысының сайтына орналастыруға, сондай-ақ баспасөз басылымдарына, радио- және телевизиялық хабарларға, Интернет-БАҚ-қа және ақпаратты өзге бұқаралық ақпарат құралдарында, You Tube, Facebook-ты қоса алғанда (шектеусіз) таратуға өз келісімін береді .

8. Конкурстың бағалау критерийлері :

8.1. педагогикалық идеялардың бірегейлігі;

8.2. сабақты өткізуге шығармашылық тұрғыдан келу; 

8.3. сабақ мәнмәтінін мұғалімнің жоғары түсіну деңгейі, оқушыларға ақпаратты терең беруі;

8.4. сабақ тақырыбына оқушылардың эмоциональдытартылуы; 

8.5. өзектілігі, білім берудің заманауи талаптарына сәйкестігі;  

8.6. тәжірибеге бағытталғандық; 

8.7. материалдың әдістемелік құндылығы;

8.8. сюжеттік желінің құрылу логикасы (сюжеттер байланысы,  мәселелердің/сұрақтардың қойылуы, шешілуі);

8.9. оқу материалы мазмұнының көзбен шолу қатарына сәйкестігі;  

8.10. көзбен шолу қатарының сапасы;   

8.11. дауыс ілеспесінің  сапасы.   

8.1. – 8.11  пункттеріне әр критерий бойынша   0-ден 5 баллға дейін беріледі.

Қазылар алқасы барлық бейнематериалды  баллдарды қойып бағалап, соңынан қорытынды болып есептелетін ортақ балл шығарылады.

9. Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар 

9.1 Мазмұны:

· Конкурс тақырыбына жұмыс мазмұнының сәйкес келуі;

· ҚР МЖМБС  сәйкестігі;

· Арнайы терминология мен анықтамалықты пайдаланудың сыпайылығы;

9.2. Бейнематериалдың техникалық сипаттамасы: 

· өлшемі  HD (1280×720)-денFullHD (1920×1080) дейін;

· mp4. форматында *;

· бейнематериалдың хронометражы15 минутқа дейін.

9.3. Аудио және видео контенттің авторлық құқығынбөгде өндірушілерден қорғау.  

9.4. Ілеспе құжаттар:

· Конкурсқа қатысуға өтініш (1 қосымша)

10. Бейнеконкурс жеңімпаздарын марапаттау: 

Конкурс жұмыстары қорытындысы бойынша1, 2, 3 орындар, 1,2,3 дәрежелі  дипломдар беріледі. Конкурсқа қатысушылардың барлығы қатысушы сертификатын алады.  

Конкурс  қорытындысы «Өрлеу» БАҰО АҚ  сайтында жарияланады.    

Барлық қызықтырған мәселелер бойынша «Өрлеу» БАҰО АҚ   филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ «Мектепке дейінгі тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасына 8(7232)544912; 87055024920 телефондарын арқылы  Байсаринова Назира Нургумаровнаға хабарласуға болады.

 Конкурсқа қатысуға шақырамыз! 

1 қосымша

«Менің кіші Отанымның қасиетті орындары» бейнеконкурсына қатысуға

Өтініш

Негізгі  параметрлерПараметрлерді толық жазу
1 Бейнематериалдың атауы:
2Бейнематериалдың қысқаша сипаттамасы (30  сөзден аспайтын) 
3Автордың аты-жөні (толық)    
4Педагогикалық өтілі  
5Автордың қызметі  
6Білім беру мекемесінің атауы  
7Білім беру ұйымының мекен-жайы  
8Электрондық адресі 
9Байланыс телефондары