Топтық жұмыс ойындары

Заманауи білім беру жүйесі тез дамып келе жатқандықтан, мұғалімнен «Бір қадам алға» талап етіледі. Қатаң әкімшілік басқарумен салыстырғанда, командалық жұмыс әдісі неғұрлым тиімді болып табылады. Қажетті жағдайлар – бұл икемділік, тез өзгеретін жағдайларға бейімделу, еңбек өнімділігін арттыру және шығармашылықпен дамыту мүмкіндігі.

2020 жылы 24 қаңтарында «Өрлеу» БАҰО»  АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігі мен педагогикалық шеберлігін арттыру мақсатында тимбилдинг бойынша тренинг ұйымдастырды.

ШҚ облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының өлкетану орталығы  жетекшісі Серикпаева Жанар Құмарбекқызы, филиал қызметкерлерімен командалық рухты қалыптастыру және топты біріктіруге арналған жаттығулар өткізді.

Негізгі міндет — жаттықтырушылардың жұмыс қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру, олардың арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту.