+7(7232)71-21-01

vko@orleu-edu.kz

ВКО, г. Усть-Каменогорск

улица Киевская, 69

Институт тарихы залы: зерттейміз, сақтаймыз, насихаттаймыз

2020 жылы 22 қаңтарда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ-да «Теоретические и методические  основы  обучения курса «Светскость и основы религиоведения» курсының тыңдаушыларына (Тренері С.Г.Щеглов) институт тарихы залы бойынша экскурсия өткізілді.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының зертхана меңгерушісі Н.Н.Байсаринова дінтану оқытушыларына зал экспозицияларымен, сондай-ақ институт қорындағы фильмдермен, бейнематериалдармен және презентациялармен таныстырды.

Курс тыңдаушыларына өздерінің алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибесімен танысуға мүмкіндік берілді, мұғалімнің, педагогикалық ұжымдардың кәсіби қызметін оның қалыптасуының әр түрлі кезеңдерін ашатын сирек кездесетін материалдар ұсынылды.

Педагогтер педагогикалық мұраға құндылық қарым-қатынасты қалыптастырудағы залдың рөлін атап өтті, ұйымдастырушыларға өзіндік жобалау, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау кезінде мұрағаттық-тарихи контентті пайдалану мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді.

Навигация

  • Главная
  • Курсы
  • Нормативная база
  • О нас
  • Обратная связь

Как нас найти:

РК, ВКО, г.Усть-Каменогорск, ул. Киевская 69

+7(7232) 71-21-01 – Приемная

+7(7232) 70-50-07 – Отдел учебной работы и мониторинговой службы

E-mail: vko@orleu-edu.kz