Біліктілікті арттыру-заман талабы

Филиал оқытушылары үшін инклюзивті білім беру бойынша біліктілікті арттыру курсы басталды.

Инклюзивті білім беру дегеніміз – физикалық, ақыл-ой, интеллектуалдық ерекшеліктеріне қарамастан барлық балалар жалпы білім беру жүйесіне кіретін оқу процесін ұйымдастыру. Курс барысында тыңдаушылар инклюзивті білім берудің теориялық мәселелерін зерттейді, сонымен қатар мұғалімдердің сабақтарына қатысып, оқушылармен жүргізілетін түзету жұмыстарының әдіс -тәсілдерімен танысады. Филиал оқытушыларының курстан алған білімдері аймақтағы мұғалімдердің біліктілігін арттыруға көмектеседі. Құрметті әріптестер, сәттілік тілейміз!