ÓRLEÝ - Шығыс Қазақстан облысы

BIR QADAM ALDA BOL!

+7(7232)71-21-01

vko@orleu-edu.kz

ШҚО, Өскемен қ.

Киев көшесі, 69

Share on facebook
Share on twitter
Share on google
Share on whatsapp
Share on telegram
Share on email

Тиімді әдістеме

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ПҚ БАИ ШҚО бойынша серіктестік қарым-қатынасты жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру үшін ұзақ мерзімді, тиімді ынтымақтастықты дамыту және білім беруді дамытудың өзекті мәселелері бойынша курстан кейінгі іс-шараларды өткізу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасымен 2020 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын жасады.

Жоспар бөлімдерінің бірі облыс педагогтарының үздік инновациялық тәжірибесін жинақтау және тарату болып табылады. Өскемен қаласының «Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №4 орта мектебі» КММ информатика мұғалімі, педагог-зерттеуші О.И.Гатаулина – шығармашыл мұғалім, «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпазы.

Ольга Ивановна – робототехника, бағдарламалау және 3D моделдеу бойынша IT сыныптарына арналған бағдарламаның, объектілі-бағытталған бағдарламалауды зерттеу әдістемесі бойынша құралдың авторы, рецензенттері – Пилипенко С.Б. (МДТжТӘ кафедрасы) және Хамзин Ж.Е. (ИжАТ кафедрасы), білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Информатика» пәні бойынша тренерлері.

Суретте: Хамзин Ж.Е., Пилипенко С.Б., Гатаулина О.И. 10-11 сыныптарда «Информатика» пәнін оқытудың заманауи тәсілдері мен әдістемелік құралдың мазмұнын талқылауда.