Риддер инклюзив үшін ашық

2020 жылдың 10-14 ақпан аралығында Риддер қаласында «Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы білім беру ортасының мазмұны»  тақырыбында жалпы білім беретін мектептердің 30 педагогқа арналған курс өткізілді.

Оқыту курсының бағдарламасында теориялық және практикалық модульдер қарастырылған, негізгі дайындық (теориялық) және тыңдаушылардың іс-әрекетінің әр түрлері мен нысандарын пайдалану арқылы практикалық дағдыларын қамтамасыз етуге бағытталған. Тренер Е.М.Нұртазинадан  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ біліктілікті арттыру курсынан тыңдаушылары алған білімдерін мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс барысында қолдана алады. Мұғалімдер дөңгелек үстел барысында тәжірибе алмасып, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасау барысында туындайтын маңызды мәселелерді талқылады.