+7(7232)71-21-01

vko@orleu-edu.kz

ВКО, г. Усть-Каменогорск

улица Киевская, 69

Ұстаздар үйі қонақтарды қарсы алуда

2020 жылдың 20 ақпанында Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиал аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшыларына және әдістемелік кабинеттерінің жетекшілеріне арналған Ұстаздар үйінің семинар-презентациясын өткізді  

Семинар барысында филиал директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогикалық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі Байхонова Сауле Зайтанқызы курстық және курстан кейінгі кезеңде облыс мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бойынша 2020 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.

Қонақтарға Ұстаздар үйінде орналасқан «Maker Space», «Мектепке дейінгі тәрбие және М.Монтессори», «Өзін-өзі тану», «Мәңгілік Ел» кабинеттеріне, сонымен қатар бейне студия, ақпараттық-әдістемелік орталық және институт тарихының залына экскурсия жүргізіліп презентация жасалынды.

Талқылау барысында Сәуле Зайтанқызы филиал қызметкерлері облыс мұғалімдеріне сабақта және сабақтан тыс пайдалануға қажетті сандық білім беру ресурстарын және видео материалдарды жасауға әдістемелік және техникалық көмек көрсете алатындығы туралы айтты.

Семинар соңында қатысушылар осындай кездесулердің тиіміділігін атап өтті. Бірлескен жұмыс филиалдың және серіктестіктес ұйымдардың алға қойыған ұзақ мерзімді міндеттерге қол жеткізудегі ең тиімді жолы деп сенім білдірді. 

Навигация

  • Главная
  • Курсы
  • Нормативная база
  • О нас
  • Обратная связь

Как нас найти:

РК, ВКО, г.Усть-Каменогорск, ул. Киевская 69

+7(7232) 71-21-01 – Приемная

+7(7232) 70-50-07 – Отдел учебной работы и мониторинговой службы

E-mail: vko@orleu-edu.kz