Мемлекеттік рәміздерді насихаттау – ортақ іс

«Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы түрлі мемлекеттік органдармен ынтымақтастықты кеңейтуде. ШҚО бойынша ПҚ БАИ қызметкерлері облыстың әртүрлі топтарында сұранысқа ие. Олар тренингтер, кеңестер өткізеді, әртүрлі санаттағы қызметкерлер үшін пікірсайыс алаңдарын ұйымдастырады. 2020 жылдың 12 ақпанда «Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған күзет қызметі» мемлекеттік мекемесінде МДТж ТӘ кафедрасының меңгерушісі Щеглов С.Г. облыс мекемелерінде мемлекеттік рәміздерді қолдану бойынша қызметкерлерге әдістемелік оқу өткізді.

Күзет қызметкерлері мемлекеттік рәміздерді қолдануға қатысты нормативтік құжаттармен, олардың пайда болу тарихымен танысты. Сабақ мемлекеттік рәміздерді сауатты пайдалану туралы оқу фильмін көрумен аяқталды. Щеглов С.Г. жиналысқа қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. «Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған күзет қызметі» мекемесінің басшысы «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалына мемлекеттік қызметтегі кадрларға патриоттық тәрбиелеу мәселесіндегі ынтымақтастық үшін және 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекеге ШҚО ПҚ БАИ қызметкерлерін шақырды.