Мұғалімдерге арналған курстар – жаңа Ұстаздар үйінде

2020 ж. 24 ақпанда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша Мектепке дейінгі тәрбиелеу және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасы бір уақытта облыс педагогтеріне арналған бес ағынды курстар бастады. «Орыс тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша пед. кадрларының БА курсы» (Нұртазина Е.М.), «Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша пед. кадрларының БА курсы» (Жанузакова Н.А.), «Қазақстан тарихы және құқық негіздері» пәні бойынша (Щеглов С.Г., кафедра меңгерушісі) кафедра оқытушылары және орта білім мазмұнын жаңарту бойынша тренерлеріміз курстар өткізуде. 24 ақпан мен 6 наурыз аралығында қысқа мерзімді курстарда шағын жинақталған мектеп мұғалімдері қазақ және орыс тілдерінде «Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақталған мектептің оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы интегративті амалы» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізіп жатыр (курс кураторлары Сейтқазина Р.С. және Касенева А.Н.).