Инклюзивті оқытуды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу

2020 жылдың 25 ақпанында «Асыл Мирас» Аутизм орталығында облыстың шағын жинақтталған мектептерінің педагогтарына арналған аутизм мәселесі туралы ақпараттық семинар өтті (курс жетекшісі – Касенева А.Н.)

«Асыл Мирас» аутизм орталығының жетекшісі Омарова Жанар Мұхтарбекқызы «Аутизм. Барлығы үшін бір әлем» озық тәжірибелері» тақырыбында баяндама жасады.

Клиникалық педагог Ержанова Назым аутистік спектрдің балалары туралы; аутистік спектрдің бұзылуы бар баланың мінез-құлқында қандай белгілерді көруге болатынын; балаларда аутистік спектрдің бұзылуының диагностикасы мен пайда болу себептері туралы айтты; статистикалық мәліметтер келтірді.

Педагогтарға «Асыл Мирас» Аутизм орталығы бойынша экскурсия өткізіп, жұмыс бағдарламалары мен әдістері туралы әңгімеледі.

Қатысушылар «Асыл Мирас» Орталығының Аутизм жұмысына қызығушылық танытып, ынтымақтастық үшін байланыстармен алмасты. Семинарға облыстың шағын жинақталған мектептерінің 25 педагогы қатысты.