«Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ «Менің кіші Отанымның қасиетті орындары» атты облыстық бейнеконкурсының қорытындысын шығарды.
Облыстық байқау «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын және «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру; Оқушылардың патриоттық және рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыратын туған жерге деген махаббат пен құрмет, қасиетті орындарды кие тұту дәстүріне арналған үздік бейнесабақтардың виртуальды білім беру кеңістігінің банкін ұлғайту; Өзінің туған жеріне арналған махаббат пен кіші Отанының тарихы, мәдениеті, дәстүрі мен тұрмысына адалдықты нығайту мақсатында өткізілді.
Облыстық байқаудың жүлдегерлері:
І дәрежелі Диплом:
Қажыгелдина Гаухар Хасеновна, «Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі, Тарбағатай ауданы, Көкжыра ауылы.
ІІ дәрежелі Диплом:
Чегебаева Умутнур Курмангазиевна, «Семей қаласының №37 гимназиясы» КММ бастауыш сынып мұғалімі.
ІІІ дәрежелі Диплом:
Даулетбекова Шаттық Мырзабекқызы, «Федоров №1 Жалпы орта білім беретін мектебі» ММ, Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы;
Рахат Нұрүстем Тлеуғазыұлы, «Шәкәрім атындағы орта мектебі» КММ мұғалімі, Абай ауданы, Кеңгірбай би ауылы;
Молдахметова Назира Тұрысбекқызы, Өскемен қаласының «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі.
Барлық қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздарға дипломдар беріледі.
Облыстық байқау педагогтардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, озық педагогикалық идеяларды қолдауға және ілгерілетуге ықпал етті.
