Саралау әдістердің қолдану ерекшеліктері бойынша шеберлік-сынып

2020 жылдың 11 наурызында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ-ның курс тыңдаушыларының қатысуымен «Бастауыш сыныптарда саралау әдістердің қолдану ерекшеліктері» тақырыбында шеберлік-сынып өткізді.

Шеберлік-сынып аясында бастауыш сынып мұғалімдері оқушыларға арналған саралау тапсырмаларды құрастыру  бойынша тәжірибелерімен бөлісті. 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ-дың аға оқытушысы  Жанузакова Н.А өткізілген шеберлік-сыныптың практикалық маңыздылығын атап өтті. Бастауыш сынып мұғалімдеріне өткізілген шеберлік-сыныптан алған әсерлерін тыңдаушылар қорытындылап рефлексия арқылы білдірді.