ÓRLEÝ - Шығыс Қазақстан облысы

BIR QADAM ALDA BOL!

+7(7232)71-21-01

vko@orleu-edu.kz

ШҚО, Өскемен қ.

Киев көшесі, 69

Share on facebook
Share on twitter
Share on google
Share on whatsapp
Share on telegram
Share on email

Оқытудың педагогикалық тәсілдері мен әдістерін тиімді пайдалану

Жаңартылған білім беру мазмұнының негізін құрайтын педагогикалық зерттеулер мен әдістерді тиімді пайдалану туралы идеялар мен пікірлерді анықтау мақсатында 2020 жылы 27 наурызда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ «Жаңартылған білім беру мазмұнының негізін құрайтын педагогикалық зерттеулер мен әдістерді тиімді пайдалану» тақырыбында онлайн-дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел жұмысына аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары мен әдіскерлері, қалалық, ауылдық, шағын жинақты мектептердің педагогтары қатысты. Іс-шараға облыстың 100-ден астам педагогтары қатысты.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, корреспондент-мүшесі Байхонова Сауле Зайтанқызы алғы сөз сөйледі, өз сөзінде дөңгелек үстелді өткізудің өзектілігін атап өтіп, білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқытуда педагогикалық тәсілдерді қолдану мәселелерін қозғады.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар педагогикалық тәжірибемен бөлісті және жаңартылған білім беру мазмұнының негізін құрайтын педагогикалық тәсілдер мен әдістерді тиімді пайдалану бойынша өзекті мәселелерге байланысты кең ауқымды мәселелерді талқылады.

Іс-шара соңында қатысушылар дөңгелек үстелді ұйымдастырушыларға іс-шара тақырыбы бойынша тәжірибе және пікір алмасуға және бастауыш сынып мұғалімдеріне осы тақырыпта вебинар ұйымдастыруға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді.