«Жаңартылған білім беру мазмұнының негізі-педагогикалық зерттеулер мен әдістерді тиімді пайдалану»

2020 жылы 01 сәуірінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ  «Жаңартылған білім беру мазмұнының негізін құрайтын педагогикалық зерттеулер мен әдістерді тиімді пайдалану» тақырыбында  бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған  on-linе  тәртібіндегі вебинар өткізді.

Модераторлар:

Курманова Жупар Сакановна, ИББжАТ кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к.;

Егорина Лариса Викторовна, ИББжАТ кафедрасының курстан кейінгі қолдау лабораториясының меңгерушісі;

Слямханов Нұржан Слямханұлы, ИББжАТ кафедрасының IT-маманы, ғылым магистрі.

Вебинардың мақсаты: жаңартылған білім беру мазмұнының негізін құрайтын педагогикалық зерттеулер мен әдістерді бастауыш сыныптарды оқытуда тиімді пайдалану туралы идеялар мен пікірлерді анықтау Вебинар жұмысына аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары мен әдіскерлері, қалалық, ауылдық, шағын жинақты мектептердің бастауыш сынып мұғалімдері, педагогтары қатысты. Іс-шараға облыстың 80-нен аса педагогтары қосылды.

 Вебинардың өзектілігі білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сыныпты  оқытуда педагогикалық тәсілдерді қолдану мәселелерін қозғауда болды. Облыстың бастауыш сынып  мұғалімдері өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алғандарын айтып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.