Ұстаздарды қолдау

«Өрлеу» БАҰО» ШҚО бойынша ПҚ БАИ филиалы коронавирус дертінің таралу қаупіне байланысты қашықтықтан жұмыс жасауда. Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Оразбаева А.К орта білім берудегі пәндерді оқыту бойынша жарияланған республикалық бейне-сабақтар сайысының қатысушысы қаламыздағы  №24 орта мектептің физика пәні мұғалімі Асанова Жанар Куандыковнаға  материалды дайындау барысында қашықтықтан әдістемелік кеңестер берді. 

Біздің алдымыздағы басты мақсат-қашықтықтан атқарылатын жұмысты түсінікті, қол жетімді және дәстүрлі сабақтардай етуде. Онлайн-сабақ өткізу мұғалімнен компьютерлік ерекше бағдарламаларды меңгеруді қажет етпейді,тек жеке кабинетте қарапайым компьютерлік дағдылармен жұмыс жасауды меңгеру қажет.