Қашықтықтан оқыту: жоспарлау және оқыту мәселелерін талқылаймыз

09 сәуір 2020 жылы Курстан кейінгі қолдау көрсету, оқушылардың оқу үрдісінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мен өткізуде мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ облыс педагогтарына  «Қашықтықтан оқыту: жоспарлау және оқыту мәселелерін талқылаймыз» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өткізді.Дөңгелек үстелге облыстың 30-дан астам педагогы қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысын директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары ғ.п.к. Г.С.Жұманова алғы сөзбен ашты, ол аталған іс-шараны өткізудің маңыздылығын атап өтті, педагогтің курстан кейінгі қолдауында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мен өткізуде мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету маңызды екенін атап өтті.

Іс-шара аясында мұғалімдер қашықтықтан оқыту мәселелерін талқылап, шешу жолдарын белгіледі. Қатысушылар оқытудың нәтижелілігі мен тиімділігі үшін оқушыларды қашықтықтан оқыту тәжірибесімен алмасты.

Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша қатысушыларға қашықтықтан оқыту бойынша ұсыныстар берілді. Қатысушылар кері байланыс түрінде іс-шараның дайындығы мен ұйымдастырылуына жоғары баға берді.