Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жас ұрпақтың жоғары рухани-адамгершілік, әлеуметтік және тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, сондай-ақ отбасының рөлі мен маңыздылығын арттыру мақсатында кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар арасында «Бақыт отбасынан басталады» атты жаңа республикалық бейне интернет-жобасының конкурсын жариялағандығын хабарлайды.

Жобаға қатысуға өтінімдерді 2020 жылдың 25 сәуіріне дейін электрондық поштаға жолдау қажет.
Конкурсқа қатысты барлық материалдар YouTube видеохостингінің базасында «Бақыт отбасынан басталады» атты арнасында орналастырылады. Сілтемесі: https: //www.youtube.com.channel/UCDk8VTYbfi0IUgdXNR6Luw.
Сайыс ережелеріне сілтеме http:/ipkvko.kz