Ағылшын тілін қашықтықтан оқытуды тиімді ұйымдастыру

2020 жылы 21 сәуірінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ  «Ағылшын тілін қашықтықтан оқытуды тиімді ұйымдастыру» тақырыбында  ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған  on-linе  тәртібіндегі вебинар өткізді. 

Вебинардың мақсаты: ағылшын тілін қашықтықтан оқытудың тиімділігін арттыруға ықпал ету жолдарын қарастыру. Вебинар жұмысына филиалдың ПОҚ, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары мен әдіскерлері, облыстың  ағылшын тілі мұғалімдерімен қоса алғанда облыстың 77-ге таяу педагогтары қатысты. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ директорының орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты, Жуманова Гаухар Сайлаубековна алғы сөзінде вебинарды өткізудің өзектілігін атап өтіп, қашықтықтан оқытудағы маңызды мәселелерді ортаға салып талқылаудың тиімділігін қозғады. Іс-шара барысында облыстың ағылшын тілі  мұғалімдері қашықтықтан оқыту жағдайында оқытуды жоспарлау және ұйымдастыру ерекшеліктерін талқылады, ауылдық жерлерде қашықтықтан оқыту ерекшеліктерін атап өтті, қашықтықтан оқыту жағдайында ауызша және жазбаша сөйлеуді дамытуға, оқылым мен тындалымды дамытуға бағытталған сабақтарды тиімді ұйымдастыру жолдары қарастырылды.