Курстар онлайн тәртібінде жалғасуда

2020 жылдың 27 сәуірінен  «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институты орыс тілінде оқытатын мектептердің орыс тілі және әдебиеті пәндері мұғалімдеріне арналған «Критериальное оценивание как фактор развития функциональной грамотности учащихся на уроках русского языка и литературы в условиях обновления содержания образования» және мектеп тәлімгерлеріне арналған «Девиантты мінез-құлықты мектеп оқушыларын рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеу» тақырыптарында біліктілікті арттыру курстарын жалғастыруды бастады. 

 Әлемде болып жатқан коронавирус пандемиясына байланысты еліміздегі жағдайларды ескере отырып филиал оқытушылары қашықтықтан оқытуды жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізуде.