+7(7232)71-21-01

vko@orleu-edu.kz

ВКО, г. Усть-Каменогорск

улица Киевская, 69

Қашықтықтан оқыту аясында мектепке дейінгі білім беру

2020 жылдың 29 сәуірінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ әдіскерлер мен мектепке дейінгі даярлық сыныптарының тәрбиешілері үшін «Қашықтықтан оқыту аясында мектепке дейінгі білім беру» тақырыбында онлайн вебинар өткізді, оған облыстан 90-нан астам мұғалім қатысты. Іс-шараның мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне мектепалды даярлық сыныптарында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға және өткізуге әдістемелік көмек көрсету.

Вебинар қатысушыларына директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары п.ғ.к. Г.С.Жұманова алғы сөзбен ашты.Өз сөзінде ол аталған іс-шараны өткізудің маңыздылығын атап өтті, мектепке дейінгі білім беру кіші мектеп жасындағы білім берудің негізі екенін атап өтті.

Өткізілген іс-шара аясында мұғалімдер қашықтықтан оқыту мәселелерін талқылады, қашықтықтан оқыту жағдайында мектепалды даярлық сыныптарының балаларына арналған шығармашылық тапсырмаларды әзірлеу бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасты.Қатысушылар бейнероликте ата-аналармен және мектеп алды даярлық балаларымен жүйелі жұмыстарын көрсетті.

Жұмыс қорытындысы бойынша вебинар қатысушылары талқыланатын тақырып бойынша өз қызметін одан әрі жетілдіру үшін ұсыныстар қабылдады.

Навигация

  • Главная
  • Курсы
  • Нормативная база
  • О нас
  • Обратная связь

Как нас найти:

РК, ВКО, г.Усть-Каменогорск, ул. Киевская 69

+7(7232) 71-21-01 – Приемная

+7(7232) 70-50-07 – Отдел учебной работы и мониторинговой службы

E-mail: vko@orleu-edu.kz