Біліктілікті арттыру курстары басталды

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ 2020 жылдың 4 мамырда бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Қазақстан Республикасының бастауыш білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын енгізу жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту» on-line оқыту курстары басталды. Курстың жетекшісі мектепке дейінгі тәрбиелеу және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы А.Н.Камзина. Педагогтың біліктілігін арттыру курсының мақсаты қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады. Бастауыш сынып мұғалімдері курстарында білім беру үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі жүзеге асыру қажеттілігін дамыту дағдыларын дамытады.