ÓRLEÝ - Шығыс Қазақстан облысы

BIR QADAM ALDA BOL!

+7(7232)71-21-01

vko@orleu-edu.kz

ШҚО, Өскемен қ.

Киев көшесі, 69

Share on facebook
Share on twitter
Share on google
Share on whatsapp
Share on telegram
Share on email

Ұстаздар «Өрлеуге» алғыс айтады

Біліктілікті арттыру курсына қатысып, қызмет бабында қажетті білім алу – басты мақсатым еді. Алайда, орта жолда елімізде пандемия мәселесіне байланысты оқу процесіміз тоқтап қалды.

Бірақ, барлық курсанттар сабыр сақтап, педагогикалық білімді арттыру жолы өз жалғасын табатындығына сеніммен қарап, күтті. Осыған өз үлесін қосқан курстың жетекшісі – Құрманова Жупар Сақанқызы. Қысқа мерзімде, жедел шешу жолын табу арқылы ара қашықтық лекциялар арқылы білім алып, чатқа сұрақтарымызды жолдап, тікелей эфирде жауабын алдық. Он-лайн тәртібінде білімдерімен бөлісіп және қажетті мәселелерді тез арада шешіп, білікті педагогтар – Ж.С.Құрманова, А.А.Ислямова және т.б.ұйымдастыруымен Өскемен қаласы З.Ахметов атындағы №16 мектебінде ұйымдастырылған коучинг, тренинг және т.б. инновациялық технологияларды қолдану аясында дағдыларымызды біршама арттыруға жұмыла олар мүмкіндік берді. Тиімді курс болуына өз жан-тәнімен беріліп, сабақтарды ұйымдастырған Ж.С.Құрмановаға көп рахмет.

Жалпы курстарды ұйымдастырған ШҚО ПҚ біліктілігін арттыру институты әкімшілігіне де өз ризашылығымды білдіремін.

 Өскемен қаласы «Жігер» БЖКБ “Aq jol” ҚЖИ БЖК  қосымша білім беру педагогі  А.М.Атудинова