ÓRLEÝ - Шығыс Қазақстан облысы

BIR QADAM ALDA BOL!

+7(7232)71-21-01

vko@orleu-edu.kz

ШҚО, Өскемен қ.

Киев көшесі, 69

Share on facebook
Share on twitter
Share on google
Share on whatsapp
Share on telegram
Share on email

Қашықтан оқытудың проблемалары, шешу жолдары

2020 жылдың 6 мамырында сағ 18.00-де  https://us04web.zoom.us/j/74043740983…  платформасында «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы ШҚО ПҚ БАИ «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Апселемова Гульнара Дюсембековна «Қашықтан оқытудың проблемалары, шешу жолдары» тақырыбында республикалық вебинарға қатысты.

Аға оқытушы «Қашықтан оқыту кезінде математика пәнінен жиынтық бағалауды ұйымдастыру» тақырыбында баяндама жасады. Елде қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты, білім беру саласына енгізілген өзгерістерге сәйкес, оқушылардың қашықтан оқыту жүйесінде төртінші тоқсанды қорытындылау үшін математика пәнінен БЖБ және ТЖБ құрып,  ұйымдастыру мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетілді.Республикалық вебинар жұмысында Атырау, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстары бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренерлері де қатысты. Вебинар жұмысы кері байланыспен қорытындыланды.