2020 жылдың 14 мамырында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ «Мектепке дейінгі тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасы мектеп мұғалімдеріне қашықтықтан шеберлік сабағын жүргізу бойынша әдістемелік кеңес өткізді.
Іс-шараның мақсаты: мұғалімдерге қашықтықтан тәжірибе алмасуды ұйымдастыруға және өткізуге әдістемелік көмек көрсету.
Жұмыс барысында мұғалімдерге «Мектеп алды даярлық тобында білім беру үдерісін 4К моделі негізінде құру», «Оқушылардың STEM білім беру арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру» мәселелері бойынша кеңес берілді.
Шараның қорытындысында мұғалімдерге 4К моделін дамыту, STEM білім беру бойынша ұсыныстар берілді.
