ÓRLEÝ - Шығыс Қазақстан облысы

BIR QADAM ALDA BOL!

+7(7232)71-21-01

vko@orleu-edu.kz

ШҚО, Өскемен қ.

Киев көшесі, 69

Share on facebook
Share on twitter
Share on google
Share on whatsapp
Share on telegram
Share on email

Саралап оқыту тәсілдерін қолданудың маңызы

20 мамыр 2020 жылы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ «Саралап оқыту тәсілдерін қолданудың маңызы» тақырыбында облыс мұғалімдеріне арналған дәріс-диалог өткізді. Іс-шараның мақсаты: сыныптағы саралау жұмысының жалпы ортақ қабылданған  тәсілдерін қарастыру негізінде қашықтықтан оқытуда  сабақты жоспарлауды зерделеу. Дәріс-диалогқа 30 мұғалім қатысты.

Дәріс-диалогты мектепке дейінгі тәрбиелеу және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы Р.Чекетаева жүргізді. Дәрісінде мұғалім қашықтықтан оқыту кезінде сараланған тапсырмаларды қалай тиімді пайдалану керектігін түсіндірді.

Іс-шара барысында Көкшетау қаласының ПШО тренері А.Асқарова қашықтықтан оқыту жағдайында дифференциалды оқыту бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылар қашықтықтан білім беруде сараланған оқытудың мүмкіндіктері мен артықшылықтарын белсенді талқылады. Соңында қатысушылар іс-шараны ұйымдастырғаны және өткізгені үшін алғыстарын айтып, аталған тақырып бойынша шеберлік сынып өткізуді ұсынды.