РЕФЛЕКСИВТІК СҰХБАТ

2020 жылдың 26 мамырында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ Білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасы ZOOM платформасы негізінде «Қашықтықтан оқыту жағдайында оқу жылын аяқтау процесін психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбында РЕФЛЕКСИВТІК сұхбат ұйымдастырып өткізді.

Шараның негізгі спикерлері ШҚО, Үржар ауданының «Абай атындағы орта мектеп-бақша» КММ әдіскері Мусабаева Бақыт Орынбаевна және Өскемен қаласы әкімдігінің «№32 жалпы білім беретін мектеп» КММ директорының тәрбие бойынша орынбасары Бақтиярова Жадыра Сейтахметова болды.

Сұхбат барысында спикерлер қашықтықтан өткізілген 4 оқу тоқсанында білім беру мекемелерінің атқарған жұмыстары жөнінде айта отырып, осы жұмысты ұйымдастыру барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі, ШҚО білім беру басқармасы, аудан (қала) білім беру бөлімдерінің, сонымен қатар «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ тренерлер тарапынан көрсетілген қолдауларын атап өтті. Іс-шараға облысымыздың Үрджар, Зайсан, Көкпекті, Күршім аудандары, Өскемен Семей қалаларының 23 астам педагогі қосылып,  талқыланған мәселелер бойынша өздерінің ойлары мен пікірлерін чат арқылы бөлісіп отырды. Сұхбат соңында спикерлер қашықтықтан оқытудың жағымды және жағымсыз тұстарына да тоқталып өтіп, туындайтын қиыншылықтардың алдын алу бойынша ұсыныстар берді.