«Шығыс Қазақстан облысының Білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына арналған «Әр отбасында – өз батыры» атты облыстық шығармашылық конкурс ұйымдастырып, өткізді.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді: ең үздік шығарма, ең үздік өлең, ең үздік эссе.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ-ның қызметкерлері конкурс туралы ережеде сипатталған критерийлер негізінде конкурстық комиссия ұсынған бағалар нәтижелеріне сәйкес «Үздік шығарма» мадақтамаларымен және ақшалай сыйлықтармен В.М.Тлеубердинова – ІІ орын, Р.С.Чекетаева – ІІІ орын иеленсе, «Үздік эссе» номинациясы бойынша М.З.Батырханова және А.А.Ислямова – «Үздік шығарма» номинациясы бойынша сертификаттармен марапатталды.
Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз! Кәсіподақ ұйымына рахмет!


