Тренер сағаты

11 маусым 2020 жылы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ  Мектепке дейінгі тәрбиелеу және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кондидаты Чекетаева Роза Сарқытбекқызы ұйымдастырған:  «Оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмысын  ұйымдастыру жолдары» онлайн «Тренер сағаты» өтті.

Тренер сағатына әр облыс, аудандардан 24 мұғалім қатысты.

Тренерлік сағаттың мақсаты:  Ғылыми-зерттеушілік жұмыстарының жалпы жүйесінің негізгі кезеңдеріне тоқтала отырып, оқушылардың зерттеушілік құзіреттіліктерін дамыту жолдарын қарастыру.

Тренер сағаты көтерген мәселенің өзекті екендігін, оған мұғалімдер тарапынан жоғары деңгейдегі қызығушылық болғандығын көрсетті.

Тренер сағатының соңында педагогтер алғыстарын білдірді, қатысушыларға сертификат берілді.