+7(7232)71-21-01

vko@orleu-edu.kz

ВКО, г. Усть-Каменогорск

улица Киевская, 69

Ынтымақтастық болашағы

Курстан кейінгі кезеңде тірек білім беру ұйымдарымен әріптестік қатынастарды жетілдіру және ынтымақтастықты дамыту мақсатында 2020 жылдың 18 маусымында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО ПҚ БАИ «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Апселемова Гульнара Дюсембековна облысымыздың математиктеріне  «Математика пәні бойынша оқушыларды олимпиадаға дайындау» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинарға Алматы қаласы Республикалық физика-математика мектебі мұғалімі, математика бойынша олимпиада резерв тренері Кунгожин М.А  қатысты.

Медеубек Аманкельдиевич еліміздің оқушыларын халықаралық олимпиадаларға үнемі дайындайды. Іс-шара барысында ол оқушыларды дайындау бойынша өз тәжірибесімен және жаңа идеяларымен бөлісті. Соңында вебинар қатысушылары іс – шараның өзектілігін атап өтті, сондай-ақ олимпиадалық тапсырмаларды орындау жай есептерді шешу ғана емес, ол мәселеге ғылыми тұрғыда талдау жасап, ғылыми ізденіс қалыптастыруына жол ашатын дарынды балаларды тәрбиелеуде теңдессіз жоба болып табылатындығына баса назар аударды.

Навигация

  • Главная
  • Курсы
  • Нормативная база
  • О нас
  • Обратная связь

Как нас найти:

РК, ВКО, г.Усть-Каменогорск, ул. Киевская 69

+7(7232) 71-21-01 – Приемная

+7(7232) 70-50-07 – Отдел учебной работы и мониторинговой службы

E-mail: vko@orleu-edu.kz