Диалогтық алаң: «Оқушыларда діни және этникалық толеранттылықты қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері»

2020 жылдың 26 маусымында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ-ның Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, тарих және психология магистрі А.А.Ислямова,  ШЖМ-ның  тарих және дінтану пәні мұғалімдері  үшін ZOOM платформасында «Оқушыларды діни және этникалық толеранттылыққа тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық негіздері» тақырыбында бейнеконференция форматында сұхбат алаңын өткізді.

Іс-шара барысында оқытушы оқушылардың діни толерантылықта  интеллектуалдық, рухани-адамгершілік, шығармашылық дамыған тұлғасын қалыптастыруға жағдай жасауға қатысушылардың назарын аударды.

Диалогтық алаңда «Оқушыларда діни және этникалық толеранттылықты қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері»бойынша белсенді талқылау өткізілді, педагогтар оқушыларды идеологиялық, идеялық-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеуді ұйымдастыру бойынша жұмыс жүйесін жетілдіру қажеттігін атап өтті.