Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктерін оқыту

2020 жылдың 29 маусымында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ Мектепке дейінгі тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының меңгерушісі міндетін атқарушы С.Г.Щегловтың ұйымдастыруымен облыстың білім беру ұйымдары педагогтарына арналған «Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктерін оқыту: оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту; пәнаралық интеграцияны жүзеге асыру; оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту» тақырыбында онлайн шеберлік-сыныбы өтті. Шебер-сыныпқа 22 педагог қатысты.

Шебер-сынып жұмысында мұғалімдердің функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша тәжірибе ұсынылды, шебер-сынып соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.