«Менің мектебім – жаңа заман мектебі»

«Менің мектебім – жаңа заман мектебі» орта білім беру ұйымдарына арналған облыстық жарияланымдар байқауы туралы ереже

  1. Байқаудың жалпы ережелері

Осы Ереже “Менің мектебім – жаңа заман мектебі” орта білім беру ұйымдары үшін облыстық жарияланымдар байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу және қатысу тәртібін, шарттарын регламенттейді.

Байқау “Цифрлық Қазақстан” бағдарламасын, “Рухани жаңғыру” қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізіледі.

1.1. Байқау орта білім беру қызметкерлерінің озық педагогикалық тәжірибесін ұсыну және тарату формасының бірі болып табылады.

Байқауды өткізу шығармашылықты дамытуға, шеберлікті жетілдіруге, облыс педагогтарының кәсіби құзыреттілігінің өсуіне ықпал етеді.

1.2. Байқауды ұйымдастырушы – “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты (бұдан әрі – “Өрлеу “БАҰО” АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ).

1.3. Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін байқауды ұйымдастыруға және өткізуге жауапты ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.

1.4. Байқаудың қазылар алқасының құрамын “Өрлеу “БАҰО” АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ құрады.

2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

2.1. Байқаудың мақсаты: инновациялық білім беру және тәрбие технологияларын анықтау, креативті педагогикалық тәжірибені тарату.

2.2. Байқаудың міндеттері:

  • педагогтардың өзін-өзі дамыту және өзін-өзі тану қабілеттерін анықтау;
  • кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануды қолдау;
  • шығармашылық тұлғаларды анықтау.
  • Байқау тілі

Қазақша, орысша, ағылшынша.

  • Байқауға қатысу тәртібі

4.1. Байқауға ведомстволық бағыныстылығына, меншік нысанына және типіне қарамастан білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері қатыса алады.

4.2. Байқауға педагогтер жеке және тең авторлықпен (3 адамнан артық емес) қатысуға құқылы.

4.3. Байқауға қатысушылардан берілетін жарияланымдардың саны шектелмеген. Әрбір жарияланымға конкурсқа қатысуға өтінімді толтыру қажет (1-қосымша). Материалмен жіберілген файлдың атауы жарияланымның атауына және белгіленген тақырыпқа сәйкес болуы керек.

4.4. Байқауға қатысуға бұрын жарияланбаған, басқа конкурстарға қатыспаған, Интернет желісінде орналастырылмаған жарияланымдар жіберіледі.

  •  Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

Байқау 2020 жылғы 12 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында екі кезеңде өткізіледі.

5.1. Бірінші кезең – өтінімдер мен конкурстық материалдарды қабылдау (12.08-20.09.2020ж.).

Конкурсқа қатысуға өтінімдер мен жарияланымдар көрсетілген электрондық мекенжайдың біріне жіберу қажет: egorina.l@orleu-edu.kz, beksoltanova.t@orleu-edu.kz, d.shakerova@orleu-edu.kz.

Барлық сұрақтар бойынша хабарласуға болады:

87774110766 – Егорина Лариса Викторовна;

8707447384 – Бексолтанова Толкын Толеубековна;

87058337554 – Шакерова Дамежан Лунашаровна.

Файлдардың атауында “Байқау – Жарияланымдар” деген белгі жасап, қатысушының тегі мен аты-жөнін көрсету қажет.

5.2. Екінші кезең – подведение итогов конкурса членами жюри (21-30.09.2020г.).

Қазылар алқасы конкурстық жұмыстарды бағалауды критерийлерге сәйкес жүзеге асырады (8-тармақты қараңыз).

Байқау нәтижелері Филиалдың ipkvko.kz сайтында, Facebook және Instagram беттерінде жарияланады.

Педагогтердің үздік жарияланымдары “ШҚО педагогика жаршысы – Педагогический вестник ВКО” журналында және “Ұстаз әлемі” ақпараттық-педагогикалық газетінде жарияланады.

6. Авторлық құқық.

Байқауға қатысу арқылы қатысушы байқауды ұйымдастырушыларға өзінің жеке деректерін (тегі, аты-жөні, электрондық пошта мекенжайы, жұмыс орны) пайдалануға және өңдеуге келісімін береді).

Өз жұмысын байқауға жібере отырып, автор автоматты түрде байқауды ұйымдастырушыларға ұсынылған материалды шектеусіз мерзім ішінде олардың қалауы бойынша өтеусіз (сыйақы төлемей) пайдалануға сөзсіз құқық береді. Байқауға жіберілген жұмыстар (Жарияланымдар) рецензияланбайды және қайтарылмайды.

Байқау материалдары талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, байқауды ұйымдастырушылар бұл туралы авторларды хабардар етпей, байқаудан материалдарды алу құқығын өзіне қалдырады. Байқауға қатысу Байқау туралы ережемен толық келісуді білдіреді.

Байқауға қатысушылар үшінші тұлғалардың авторлық (сабақтас) құқықтарын бұзғаны үшін дербес жауапты болады.

7. Байқауды бағалау көрсеткіштері:

– педагогикалық идеяның бірегейлігі;

– конкурс мәселелеріне байланысты тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығы;

– материалдың толық ашылуы;

– баяндау тілінің нақтылығы мен дәлдігі;

– материалды беру жаңашылдығы мен ерекшелігі;

– мұғалімнің өз тәжірибесін терең кәсіби рефлексияға қабілеттілігі;

– берілген тақырып аясында материалды ұсынудағы кәсібилік және публицистикалық шеберлік.

– тәжірибеге бағытталғандығы;

– материалдың әдістемелік құндылығы.

Көрсеткіштердің әрқайсысы 10 балдық жүйе бойынша бағаланады.

Байқаудың қазылар алқасының мүшелері барлық жарияланымдарды балл қою арқылы бағалайды, содан кейін қорытынды болып саналатын орташа балл шығарылады.

  • Жарияланымның техникалық сипаттамалары:

Қаріп – Times New Roman. Қаріп өлшемі-14. Барлық жағынан шегініс – 2 мм. ені бойынша теңестіру абзацы, 1 мм шегініс. Басылымға автордың көркем стильде жасалған көркем фотосуреті қоса беріледі. Суретке қойылатын талап: JPEG форматы, сурет сапасы кемінде 1600*1200. Жарияланымдар көлемі 3-5 бет, жарияланымға арналған аңдатпа мен тірек сөздер үш тілде жазылады.

Сіздерді байқауға белсенді қатысуға шақырамыз!