Қашықтықтан оқыту кезеңінде балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ 2020 жылдың 26 тамызында «Қашықтықтан оқыту кезеңінде балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша мектеп, отбасы және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылының нысандары мен әдістері» тақырыбында on-linе тәртібіндегі қалалық вебинар өткізді. Вебинар қашықтықтан оқыту кезеңінде балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу бойынша білім беру ұйымдары басшыларының құзіреттілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылып, өткізілді.

Вебинарға қала педагогтері, филиалдың профессор-оқытушылар құрамының өкілдері, қалалық білім бөлімінің мамандары, Үлбі полиция бөлімінің қызметкерлері, ата-аналар мен білім алушылар белсенді қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар өздерінің педагогикалық тәжірибелерімен бөлісіп, қашықтықтан оқыту кезеңінде балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша мектеп, отбасы және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылының негізін құрайтын тәсілдер мен әдістерді тиімді пайдалану бойынша өзекті мәселелерді талқылады.