Қашықтықтан оқытуда сабақтарды жоспарлау

2020 жылдың 27 тамызында «Өрлеу» БАҰО »АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ «Совершенствование навыков планирования урока: сочетание стратегий активного обучения, разработка заданий, направленных на реализацию целей дистанционного обучения» on-line режимінде облыстық вебинар өткізді. Вебинардың мақсаты: оқушылардың қажеттіліктерін ескеретін белсенді әдістер мен тапсырмаларды үйлестіру арқылы қашықтықтан оқыту сабағын жоспарлау дағдыларын қалыптастыру. Қашықтықтан оқытуды жүргізудегі цифрлық қызметтердің мүмкіндіктерін талқылау.

Вебинарға Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының мұғалімдері, филиалдың профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері, қалалық (аудандық) білім бөлімдерінің мамандары белсенді қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар өздерінің педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті және пәнге қызығушылықты арттыру үшін тапсырмаларды әзірлеу, сабақтарды қашықтықтан дайындау және жоспарлау бойынша өзекті мәселелерді талқылады. Іс-шара соңында қатысушыларға қашықтықтан оқыту үшін цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану, тапсырмаларды әзірлеу бойынша ұсыныстар берілді. Қатысушылар іс-шараның қажеттілігін атап өтті, кері байланыс түрінде іс-шараның ұйымдастырылуын жоғары бағалады.