ÓRLEÝ - Шығыс Қазақстан облысы

BIR QADAM ALDA BOL!

+7(7232)71-21-01

vko@orleu-edu.kz

ШҚО, Өскемен қ.

Киев көшесі, 69

Share on facebook
Share on twitter
Share on google
Share on whatsapp
Share on telegram
Share on email

Қашықтықтан білім беру технологияларындағы оқу процесін ұйымдастыру мәселелері

2020 жылдың 23 қыркүйегінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ «Қашықтықтан білім беру технологияларындағы оқу процесін ұйымдастыру мәселелері» тақырыбында онлайн диалог алаңын өткізді.

Вебинардың мақсаты: қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мәселелерін талқылау және қашықтықтан оқытудың тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру.

Іс-шараға аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары мен әдіскерлері, облыс мектептерінің мұғалімдері қатысты. Құттықтау сөзінде филиал директорының орынбасары п.ғ.к. Г.С.Жұманова қашықтықтан оқыту жағдайында оқу үдерісін ұйымдастырудың өзекті мәселелерін талқылаудың маңыздылығын атап өтті. Іс-шара барысында облыс мұғалімдері қашықтықтан оқыту жағдайында оқытуды жоспарлау мен ұйымдастырудың ерекшеліктерін талқылады, ауылдық жерлерде қашықтықтан оқытудың қиындықтары мен ерекшеліктеріне тоқталып, сабақтарды тиімді ұйымдастыру тәсілдерін қарастырды, жоғары сапалы қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың кейбір платформаларының мүмкіндіктері мен артықшылықтарымен бөлісті, қашықтықтан оқыту жағдайында кері байланысты жақсарту мәселелері қарастырылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға қашықтықтан білім беру жағдайында оқытуды ұйымдастырудың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар берілді.

Қатысушылар іс-шараның дайындығы мен ұйымдастырылуын жоғары бағалады.