Ақпарат

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ 2020 жылғы 24 қыркүйекте қызметкерлердің жалпы жиналысында әдеп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жөніндегі уәкілі, директордың орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты Г.С.Жұманова өз сөзінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізілгенін айтты:

  1. Ақылы қызмет тыңдаушыларымен шарттар жасалды;
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістерге мониторинг жүргізілді;
  3. «Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоғамының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты» негізінде филиалдың «Оқытушылар мен қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарты» әзірленді;
  4. 2020 жылға арналған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарына толықтырулар енгізілді (08.01.20 ж. бекітілген);
  5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиені насихаттауды жандандыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша стенд жаңартылды;
  6. Филиалдың оқытушылары мен қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру мақсатында жүйелі түрде әдістемелік оқу жүргізіледі;

Филиалдың ресми сайтында тиісті НҚА («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚРЗ, 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия және т.б.) сәйкес жарияланған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша айдары ашылды.