+7(7232)71-21-01

vko@orleu-edu.kz

ВКО, г. Усть-Каменогорск

улица Киевская, 69

Қазақстандағы Турин процесі-2020

ТжКБ ұйымдарының оқу процесіне модульдік-құзыреттілік тәсілді енгізу тиімділігін және ТжКБ педагогтері мен басшыларының біліктілігін арттыру курстарының тиімділігін талдау мақсатында «ШҚО кәсіптік білім беру орталығы» КММ зерттеулер жүргізеді. Осы зерттеу аясында «TALAP» КЕАҚ кесте бойынша ZOOM платформасында көрсетілген тақырыптар бойынша онлайн кездесулер, фокус-топтар өткізеді.

2020 жылдың 01 қазанында «TALAP» КЕАҚ Стратегиялық жоспарлау, талдау және ІТ-қамтамасыз ету департаменті аймақтық деңгейде 2020 ж. Турин үдерісін зерттеудің негізгі тақырыптары бойынша сандық және сапалық деректерді жинау мақсатында «Қазақстандағы Турин процесі-2020» зерттеуінің басым тақырыптары бойынша фокус-топтар мен онлайн кездесулер өткізді. Іс-шараға ШҚО ББ ТжКБ бөлімінің басшысы, колледж директорлары, сондай-ақ «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ атынан директордың орынбасары, п.ғ.к. Г.С.Жұманова қатысты.

Стратегиялық жоспарлау, талдау және ІТ-қамтамасыз ету департаментінің бас менеджері Тусенова Салтанат Сапарғалиқызы құттықтау сөз сөйледі. Жұмыс барысында іс-шараға қатысушылар келесі тақырыптарды талқылады:

  1. Мәселені белгілеу: 2016-2019 жылдары «TALAP» КЕАҚ өткізген ТжКБ ұйымдарының педагог қызметкерлері мен басшыларының біліктілігін арттыру курстарының тиімділігі.
  2. «ТжКБ-ға модульдік-құзыреттілік тәсілді енгізу тиімділігі»
  3. «ОЖБ және ТжКБ ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курстарының тиімділігі»

Навигация

  • Главная
  • Курсы
  • Нормативная база
  • О нас
  • Обратная связь

Как нас найти:

РК, ВКО, г.Усть-Каменогорск, ул. Киевская 69

+7(7232) 71-21-01 – Приемная

+7(7232) 70-50-07 – Отдел учебной работы и мониторинговой службы

E-mail: vko@orleu-edu.kz