Бейне сабақтарды дайындау нәтижелері

2020 ж. 2 қазан күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ онлайн-форматында 2020-2021 оқу жылының I тоқсанына 8-9 сыныптарға арналған цифрлық бейнесабақтарды әзірлеуге қатысқан педагогтарды салтанатты марапаттау өткізді.

Іс-шараның мақсаты: Педагог мәртебесін қолдау, жастар арасында мұғалім кәсібін танымал ету, педагогикалық қызметінде үздік нәтижелер көрсеткен мұғалімдерді және 2020-2021 оқу жылының I тоқсанына арналған цифрлық бейнесабақтарды әзірлеуге қатысқан педагогтарды көтермелеу.

Іс-шара институт директорының м.а., п.ғ.к. Г.С.Жұманованың құттықтау сөзімен ашылды.

Іс-шара барысында «Шығыс  Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлірінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымының орынбасары Е.А.Крупко ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады.

Цифрлық видео сабақтарын құруға қатысқан барлық мұғалімдер Қазақстан Республикасында инновациялық білім беруді дамытуға және қашықтықтан оқытуға арналған заманауи бейне сабақтарын дамытуға қосқан үлесі үшін «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасы Г.Ахметованың «Құрмет грамотасымен» марапатталды.