Робототехника бойынша Халықаралық ғылыми педагогикалық конференцияға қатысу

2020 жылдың 30 қыркүйегінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ IT маманы, робототехника бойынша тренері Пилипенко Светлана Борисовна «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырған «Мектепте робототехниканы оқытудың тәжірибесі мен практикасы» Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференциясында баяндама оқыды.

Светлана Борисовна «Робототехника бойынша жобаларды орындау кезінде аналитикалық қабілеттер мен дизайн-ойлауды дамыту» баяндамасында оқу пәндері шеңберінде робототехниканы оқытудың ерекшеліктерін, сондай-ақ оқушылардың зерттеу дағдылары мен дизайн-ойлауын тиімді дамытатын жобалау қызметінің ұйымдастырылуы мен кезеңдері жайлы айтты.