Диалогтық алаң: «Мұғалімнің сабақта және сабақтан тыс уақыттардағы өлкетану жұмысының түрлері

«Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының» аға оқытушысы, тарих және психология магистрі А.А. Ислямова., тарих және дінтану пәні мұғалімдері  үшін ZOOM платформасында «Мұғалімнің сабақта және сабақтан  тыс уақыттардағы өлкетану жұмысының түрлері” тақырыбында бейнеконференция форматында сұхбат алаңын өткізді. Іс-шара барысында оқытушы өлкетану материалдарын сабақта және сабақтан тыс уақытта қолдану әдістемесі туралы айтты. Бүгінгі күні оқушыларға білім берудің мақсаты тұлғаны қалыптастыру мен дамыту үшін жағдай жасау; әрбір баланың бойында адамгершілік, мейірімділік, азаматтық, еңбекке деген шығармашылық қатынас және барлық әлемге ұқыпты қарау, жетістікке ұмтылу, өз халқының мәдениетін қорғау сияқты жетекші құндылықтарды тәрбиелеу болып табылатындығын атап өтті.