Қазақстан кәсіподақтар күні

2020 жылдың 8 қазан күні Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күніне және Шығыс Қазақстан кәсіподақтар ұйымдарының 100 жылдығына орай «Шығыс Қазақстан облыстық кәсіподақ орталығы» тарапынан онлайн-форматта мерекелік отырыс өтті.
Отырыста кәсіподақтардың қозғалыстары, еңбеккерлердің жұмыс орнындағы құқықтары мен еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, лайықты еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктер алуын қамтамасыз ететіні айтылды. Кәсіподақ ардагерлері сөз сөйлеп, қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау қызметінде жаңа жетістіктерге жетуді тіледі.
Институт атынан кәсіподақ ұйымының төрағасы Конакбаева А.З. мен кәсәподақ мүшесі Кадирова Л.С. қатысты.