Кітапхана кеңістігіндегі жайлы кездесу

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында 14 қазан күні ынтымақтастық шеңберінде «Квансон» Қазақстан-Корей колледжінің директорының орынбасары Байсаринова Н.Н. және кітапханашы Лях Е.В. институт бас маманы Конакбаева А.З. кездесу ұйымдастырды.

Кездесу барысында институт кітапханасының дизайны, әр-түрлі зоналарға бөлінген кеңістігі және ақпараттық ресурстар туралы сөз қозғалды. Көрнекі көрмелер жасақтаудың, қашықтық оқытудағы ұсыныстық бейне роликтердің маңыздылығы айтылды.

Колледж өкілдері Анар Зайсанбаевнаға алғыстарын білдіріп келе жатқан Халықаралық кітапханашылар күнімен құттықтады.