Аттестацияға дайындаламыз

2020 жылдың 19 қазанында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу лабораториясының меңгерушісі Л.В.Егорина Өскемен қаласының «№32 орта мектеп» ҚММ педагогтерімен әдістемелік кеңестер өткізді.   

Кездесу барысында ол қатысушыларды филиалдың педагогтерге көрсетер көмегі, мүмкіндіктерімен қатар, педагогтерге аттестациядан өту кезеңіндегі портфолио құру, виртуалды білім беру бағытының аясында педагогтергецифрлық білім беру қорлары,  еліміздің үздік педагогтері эстафетасына қатысу үшін бейнематериалдарды әзірлеу құрылымымен, талаптарымен  таныстырды.