Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз

Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты онлайн байқауы өтетіні туралы Сіздерге хабарлаймыз.

Байқаудың міндеті: білім беру ұйымдары қызметкерлерінің назарын қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлық проблемасына аудару;

әлеуметтік белсенділікті арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл проблемаларын зерделеуге бағытталған қоғамдық қызметті ынталандыру.

Байқауға қатысуға облыстың білім беру ұйымдары қызметкерлерінің барлық санаттары шақырылады.

         Байқау жұмыстары 2020 жылдың 20 қазанынан бастап 01 желтоқсанына дейін қабылданады.

     Қорытындылау 2020 жылдың 9 желтоқсанында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында өтеді және төменде көрсетілген сайттарда орналастырылады:
  • «Өрлеу» біліктілікті арттыру  ұлттық орталығы» АҚ филиалы ШҚО 

        бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру

        институтының  http://ipkvko.kz сайтында;

  • Facebook,  Instagram институтының әлеуметтік желілерінде 

https://www.facebook.com/vkoipk, https://www.instagram.com/orleuvko/?hl=ru