СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ТРЕНИНГІ

2020 жылдың 22 қазанында “Өрлеу “БАҰО” АҚ тапсырмасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы ПҚ БАИ филиалында “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттылық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет. Парасаттылық” атты институт қызметкерлеріне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақтылық тренингі өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты жеке тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыты және «парасаттылық» құзыреті арқылы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті дарыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қағидаттары негізінде ұжым қызметкерлерінің жеке құзыреттіліктерін және негізгі тиімді мінез-құлқын дамыту болды.

Іс-шара модераторы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ психология және түзету педагогикасы кафедрасының доценті Ю.Е. Кукина  тренинг жұмысы барысында «Идеялар ағашы», айтылған идеялардың жіктелуі, «парасаттылық» ұғымының анықтамасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыт; пікірталас (парасаттылық-сыбайлас жемқорлық, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытты қалыптастыру) ұсынылып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: кеше, бүгін, ертең» суреттер бойынша топтық жұмыс жүргізілді. Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен салдарын зерделеу мақсатында (құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, психологиялық) Адалдық декларациясы, Кейстерді шешу ұсынылды.

Тренинг Фишбоун, сұрақтарға жауап беру арқылы қорытыланды.