ÓRLEÝ - Шығыс Қазақстан облысы

BIR QADAM ALDA BOL!

+7(7232)71-21-01

vko@orleu-edu.kz

ШҚО, Өскемен қ.

Киев көшесі, 69

Share on facebook
Share on twitter
Share on google
Share on whatsapp
Share on telegram
Share on email

GCED әдісінің білім берудегі рөлі

Осындай тақырыпта ағымдағы жылдың 22 қазанында филиалдың білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының ұйымдастыруымен республикалық on-line вебинар өткізілді.

Вебинар жұмысына филиал қызметкерлері, аудан (қала) білім бөлімдерінің басшылары және әдіскерлері, мектеп басшылары, республика педагогтері және бұл мәселеге қызығушылық танытқан азаматтар, барлығын қосқанда 120 аса қатысушы болды.

Вебинар мақсаты – оқушылардың өмір салтын тұрақты дамытуға, өнімді ойлау және жергілікті мәселелерді шешуге белсенді қатысуға қажетті практикалық дағдыларын дамыту (қоғамдастық немесе білім беру ұйымы).

«GCED әдісінің білім берудегі рөлі» тақырыбы қазіргі таңда бүкіл әлемде өзекті тақырыптардың бірі болып саналады.

Жаһандық азаматтық білім берудің (GCED) басты мақсаты барлығына деген құрмет сезімін қалыптастыру, адамзатқа деген сезім қалыптастыру және оқушыларға әлемнің жауапты және белсенді азаматтары болуға көмектесу болды.

Алғы сөзбен филиал директорының міндетін атқарушы, п.ғ.к., Жуманова Г.С. сөйледі, ол білім беру үдерісіне жаһандық білім беруді енгізудің маңыздылығын атап, вебинардың барлық қатысушыларына жемісті жұмыс тіледі, тәжірибе алмасу үшін осындай кездесулердің оң жақтарын атады.

Бұл іс-шараны ұйымдастыру және өткізу бойынша үлкен және тыңғылықты жұмысты вебинар модераторы, кафедраның аға оқытушысы Анар Мерсаликовна Карибаева жүргізді.

Вебинар спикерлері – Сауле Зейнолла, PhD докторы, сертификатталған жоба менеджері (PRINCE 2 Foundation), бизнесс-тренер, ЮНЕСКО тәуелсіз эксперті (Алматы қаласы), Аллахвердиева Эльвира Адалатовна, ШҚО бойынша «Niet.Woman» қоғамдастығының төрағасы, көшбасшылық және тайм-менеджмент бойынша сарапшы, коуч және ICU кәсіби тәлімгері, бизнесс-тренер, «Open.Service» бизнес жобасының авторы, «Клуба Лидеров», «Тайм-Клуба»,  «GARAGE» негізін қалаушы (Өскемен қаласы), Каримов Дамир, экотренер, салауатты өмір салтының коучі, саяхатшы, психолог (Қарағанды қаласы),  Бодауова Асем, PlastNet жүйесінің координаторы (Алматы қаласы), Yelyubayeva Sandugash, Career Guidance Counselor, Nazarbayev Intellectual school of Physics and Mathematics in Semey, Малыхина Лилия Витальевна, ағылшын тілі мұғалімі, «№8 эстетикалық тәрбие бойынша жалпы орта білім беру мектеп кешені» (Петропавловск қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы), Жақсылық Сәуле Серікқызы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы, тренер (Қызылорда қаласы), Карибаева Анар Мерсаликовна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы, тренер (Өскемен қаласы).

Вебинар тұрақты дамуға білім беру, әлеуметтік жобалар мен әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға жастарды тарту, жастарға экологиялық білім беру мәселелерін қарастырды. Іс-шара қазіргі және болашақтағы жаһандық проблемалардың сындарлы және креативті шешімдерін табуға, қоғамның тұрақтылығы мен өміршеңдігін арттыруға көмектесетін жалпы мәселелерді шешуге ықпал етті.

Вебинар сапалы білім беру азаматтарға сау және толыққанды өмір сүруге, саналы шешімдер қабылдауға және жергілікті және ғаламдық мәселелерге жауап беруге мүмкіндік беретін дағдыларды, құндылықтар мен мінез-құлықты дамытуы керек деген қорытындыға келді. Бұл БҰҰ-ның күн тәртібіндегі жаһандық мәселені «Білім 2030» жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Вебинардың барлық қатысушыларына алғысымызды білдіреміз.